Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамхана жайлы шудан соң қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарамақ

Опубликовано:

Естай Исабеков
Естай Исабеков. Кадр: youtube.com

Мейрамханада көзге түскен Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісін Жоғарғы сот қарамақ. Себебі, әріптестері оның әрекетін этика кодексіне қайшы деп таныған.

Облыстық сот Естай Исабековке жаза тағайындай алмаған. Енді бұл іспен Жоғары сот айналыспақ деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Сот этикасы жөніндегі комиссия судья Исабековтың "Рубин" мейрамханасындағы әрекетіне баға беріп, ол сот этикасы кодексіне қайшы келетін әрекет жасады деп шешті. Комиссия Қарағанды облыстық сотының пленарлық отырысына материалдарды Жоғарғы соттың сот алқасына жіберу туралы мәселені қарау үшін жүгінді", - дейді Қарағанды облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс жұмыс жасау бойынша судья-координаторы Еркеш Мәукен.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыдағы мейрамханада түсірілген видео тараған еді. Онда судья Естай Исабековтің мобильді топ өкілдерімен сөйлесіп тұрған сәті таспаланған.

Ал видео жазбасында оның анасының туған күнінің құрметіне той ұйымдастырғаны айтылған.

Кейін желіде тараған видеоға қатысты Естай Исабековтің өзі пікір білдірді. Айтуынша, анасының туған күнін ағасы ұйымдастырған. Мерейтойда көп адам болмаған шамамен 30 адам. Тек үш үстел жайылған.

Ал өзі меймандарды алып кету үшін мейрамханаға келіпті. Мобильдік топты көргенде әжелерді қорқытпауға шақырған екен.

Исабеков ағасы да, мейрамхана иесі де жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлегенін атап өтті.

Өзіне қатысты тиісті шешімді судья этикасы жөніндегі комиссия шығаратын айтқан болатын.

Сондай-ақ Исабеков өз жақындарынан бөлек, көрші залда "прокуратура қызметкерлерінің" думандатып жатқанын айтқан еді. Судьяның бұл мәлімдемесіне қатысты Қарағанды облыстық прокуратурасы да пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900989-meiramxana-zaily-sudan-son-qaragandylyq-sudyanyn-isin-zogargy-sot-qaramaq/

pixel