Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы рельстен шығып кетті (фото)

Опубликовано:

Жүк цистерналары аударылып қалды
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

26 ақпада сағат 11:55-те Ақтөбе облысы Шалқар ауданы "Ұлпан" темір жол бекетінде 43 вагонды жүк пойызының 22 цистернасы рельстен шығып кетті. Салдарынан тағы 13 цистерна аударылып, ұзындығы 150 метрлік темір жолына зақым келді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрлік өкілінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алайда бұл жолаушылар пойызының қозғалысына кедергі келтірген.

Атап айтқанда, №42 Атырау-Алматы бағытындағы пойыз кешігуде. Қазір ол Ембі қаласындағы бекетте тұр.

Қазіргі уақытта электр қуатын өшіру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған төтенше жағдайлар департаментінің, "ҚТЖ" АҚ, АПБ және ЖАО қызметкерлері жұмылдырылды.

Жүк цистерналары аударылып қалды
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жүк цистерналары аударылып қалды
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, өткен жылы 14 желтоқсанда "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк вагонынан өрт шығып, салдарынан бес адам зардап шеккен еді.

Сонымен бірге, 2020 жылы 20 желтоқсанда таңғы сағат 5 шамасында Арқалық-Торғай тасжолын жөндеумен айналысатын жол ұйымына тиесілі екі жеке контейнер типтегі вагоннан өрт шыққан. Оқиға салдарынан бір әйел адам қайтыс болды.

Айта кетсек, 24 ақпан күні кешке таман Павлодар облысы Жолқұдық бекетінде қайғылы оқиға болды. Жүк пойызы рұқсат етілмеген жерден өткен ер адамды қағып кеткен еді. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған болатын.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс ашылған. Бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901079-aqtobe-oblysynda-22-zuk-cisternasy-relsten-sygyp-ketti-foto/

pixel