Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда осыған дейін белгісіз болып келген динозаврдың қаңқасы табылды (фото)

Опубликовано:

Динозавр1
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанның Қызылқұм жазығы Жарақұдық ауылы маңынан осыған дейін белгісіз болып келген динозаврдың жаңа түрінің қаңқасы табылды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Вашингтондағы Смитсон институтының палеонтологы Ханс-Дитер Сьюз бен Ресей ғылымдар академиясының мүшесі Александр Аверьянов табылған динозаврдың түрін Dzharatitanis kingi (қысқартқанда D. kingi) деп атады.

Бірінші сөз Қызылқұм жазығы Жарақұдық ауылының атауынан алынған. Себебі динозаврдың қалдығы осы жерде табылған. Екінші сөз ғалымдарға көмектескен марқұм Кристофер Кингтің атымен аталып отыр.

Ғалымдардың пікірінше, D. kingi омыртқалы зауроподтар - rebbachisaurid тобының ерекше түріне жатады. Осыған дейін динозаврдың мұндай ерекше түрі Солтүстік Африка, Еуропа және Америкада табылған.

Ал Өзбекстанда өмір сүрген түрінің көлемі екіқабатты екі автобусқа парапар екен.

Динозавр18
Dzharatitanis kingi-дің қаңқасы. Фото: dailymail.co.uk

Ғалым Сьюздің сөзінше, бұл динозавр 90-100 миллион жыл бұрын Бор кезеңінде өмір сүрген. Сол себептен PLoS One журналында жарық көрген динозавр туралы мақала "Азиядан шыққан бірінші - зауропод-реббахизаврид динозавр" деп аталған.

Табылған D. kingi-дің мойыны мен құйрығы ұзын болған. Дегенмен ғалымдар динозаврдың құйрығының жотасын ғана тапқан.

"Біз Бор кезеңінде жануарлар аймақтарға қалай тарағанын зерттеп жатырмыз. Өйткені ол кезеңде Еуропа үлкен және кіші аралдардан тұрған, ал Шығыс Азияда құрғақ жерлер көп болған", - дейді Сьюз.

Ғалымдар әзірге D. kingi Орта Азияға Еуропа мен Азияны біріктіріп тұрған құрғақ жерлер арқылы келуі мүмкін деген болжам айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901155-ekiqabatty-eki-avtobusqa-parapar-ozbekstanda-osygan-deiin-belgisiz-bolyp-kelgen-dinozavrdyn-qanqasy-tabyldy-foto/

pixel