Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей дипломаттары Солтүстік Кореядан "арбамен" оралды (фото, видео)

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Ресей сыртқы істер министрлігі Telegram арнасында отбасымен Солтүстік Кореядан оралған елшілік қызметкерлерінің суретін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, коронавирус пандемиясына байланысты шекара жабылып, әуе қатынасы тоқтағалы бері ол жатқан елге жету мұң болған.

Мәселен 25 ақпанда ресейлік елшілік қызметкерлері отанына оралу үшін алдымен 32 сағат пойызбен, шекараға дейін жету үшін тағы екі сағат автобуспен қатынаған. Ал Ресей тарабына өту үшін тағы 1 шақырымнан аса жолды жаяу жүріп өтуге мәжбүр болған.

Олар жүктері мен балаларын темір жол бойымен жүретін арбаға (дрезинаға) отырғызған.

Ал арбаны Ресей тарабына дейін үшінші хатшы Владислав Сорокин итеріп барған.

"1 шақырымнан аса жолды еңсеру үшін темір жол бойымен конструкцияны итеруге тура келді. Ең маңызды сәт Туманная өзеніндегі көпірі арқылы өткен кез болды", - дейді ол.

Хасан шекара бекетіне жеткен кезде елшілік қызметкерлерін сыртқы істер министрлігінің Владивостоктағы өкілдері күтіп алған. Әрі қарай олар әуежайға жеткізілген.

Айта кетейік, Солтүстік Корея барлық мемлекетпен әуе қатынасын өткен жылы коронавирусқа байланысты тоқтатқан еді.

Пандемия басталған уақытта шетелдік дипломаттардың басым бөлігі Солтүстік Кореядан кетіп қалды. Оның ішінде ресейліктер де бар.

Ал сол жақта қалғандарға қатаң шектеу шараларын ұстануға тура келді және Пхеньяннан шығуға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901183-resei-diplomattary-soltustik-koreyadan-arbamen-oraldy-foto-video/

pixel