Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Елорда тағы да "қызыл" аймаққа енді

Опубликовано:

Елорда
Фото: Петр Карандашов / NUR.KZ

28 ақпандағы жағдай бойынша еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан тағы да коронавирус дертінің таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа енді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

28 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жария болды.

Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа еніп отыр.

"Сары" аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталғанын жазған едік. Ресми мәліметтерге сәйкес, 791 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.

Одан бөлек, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ashyq мобильді қосымшасын еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік нысандарына енгізу туралы қаулыға қол қойғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, немістің Lufthansa әуе компаниясы Майндағы Франкфурттен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына әуе рейстерін қайта орындай бастайтынын жазғанбыз.

Компанияның мәліметінше, ұшақтар 1 мамырдан бастап Қазақстанның екі қаласына қатынайды.

"Коронавирус пандемиясына байланысты орын алған ұзақ үзілістан кейін Lufthansa әуе компаниясы 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты әуе рейсін қайта жандандырады", - деп хабардар етті компанияның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901211-covid-19-elorda-tagy-da-qyzyl-aimaqqa-endi/

pixel