RU

500-ден астам көлік пен 1200 адам Қарағанды ​облысының тас жолында тоқтатылды (фото)

Тас жол
Фото: qaragandy_tjd

Қарағанды ​​облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам көлік бақылау бекеттерінде тоқтатылды. Өңірдегі жолдар әлі күнге дейін барлық бағытта жабық деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаменті өзінің Instagram-дағы ресми парағында.

Қарағанды облысында көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша жолдар жабық күйінде қалып отыр.

Осакаров ауданында және Қарағанды қаласында Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің күшімен тазартылған учаскіде қар құрсауында қалып қойған ішінде 10 адам бар 4 жеңіл автокөлік шығарылды.

Олар медициналық көмекті қажет етпеді.

"Ақтүбек" трассалық медициналық-құтқару пункті Жаңаарқа ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

Блокбекеттерде 500-ден астам көліктің қозғалысы тоқтатылды, онда 1200-ден астам адам бар. Жылыту пункттері ұйымдастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер жел күшейіп, жаяу бұрқасын болатынын болжағанын жазған едік.

Одан бөлек, Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылғанын жазған болатынбыз.

"Іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты, бұл полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді. Тікұшақтан жылқыны көрдік, оның жанынан ер адам табылды. Ол қар басқан қамыстың астында жатып аман қалған", - дейді төтенше жағдайлар министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901247-500-den-astam-kolik-pen-1200-adam-qaragandy-oblysynyn-tas-zolynda-toqtatyldy-foto/