Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі сотталған ақтаулық әйел науқас қызының еміне жан ұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Азалия
Фото: Ботагөз Озғанованың жеке мұрағатынан

Ақтаулық жалғызбасты келіншек гидроцефалиямен ауыратын екі жасар қызының еміне көмек сұрайды. Айтуынша, күйеуі істі болып, темір тордың ар жағында отыр. Ал банк ипотекамен алған пәтерін қарыз болғаны үшін наурыздың соңында босатуды талап еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтау қаласының тұрғыны Ботагөз Озғанова қызының мүгедектігі үшін алып отырған зейнетақыға өмір сүруде. Ол қызының жүріп кететінен үмітті.

"Қызым Азалия туғаннан гидроцефалиямен ауырады. Басында аппарат бар. Жасы екіге келсе де жүре алмайды, басын ұстай алмайды, тамақ шайнай алмайды. Үш рет операцияға кіріп шықты. Жеті айлығында бірінші операциясын жасаттық. Бір жарым жасында екінші, бір жас сегіз айында үшінші операциясы болды. Алғаш рет алты айлығында диагнозын естіп едік", - дейді ол.

Келіншек қазіргі таңда ипотекаға алынған пәтерге қарызданып қалғанын да жеткізді.

"Бір зейнетақыға қарап отырмыз. Үйдің ақшасын төлемегенім үшін наурыздың соңына дейін қарызды жаппасам, үйді босатуымызды талап етті. Жолдасым сотталып кеткелі тоғыз айдан асты", - дейді шырылдаған ана.

Ботагөз көпшілік қол үшін беріп, қаржы жиналып жатса, Қызылордада қызының жүйке жүйесін қалпына келтіретін ем қабылдамақ ниетте.

Айтуынша, бір ай реабилитацияға (массаж, электрофорез, емдік дене шынықтыру, ине салдыру, бассейн) 200 мың теңгеге жуық қаражат кетеді.

"Одан бөлек жататын орын қарастырылмаған, пәтер жалдауға тура келеді. Бір ай емделіп, бір ай демалуымыз қажет", - дейді Азалия Кенжебекқызының анасы.

Азалия Озғанның жүріп кетуіне қол үшін берем деушілерге реквизиттер:

Kaspi gold 5169497122187721

Телефоны: 87073753743

Анасы Озганова Б.Б.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901320-kuieui-sottalgan-aqtaulyq-aiel-nauqas-qyzynyn-emine-zan-usyra-komek-surady/

pixel