Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садыр Жапаров өзінен мектеп салып беруін өтінген 8 жасар баламен кездесті (фото)

Опубликовано:

Садыр Жапаров мектеп оқушысымен кездесті
Садыр Жапаров және Бекболот Турдушев. Фото: instagram.com/bekbolotturduh

8 жасар Бекболот Турдушев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан өз ауылыа мектеп салып беруін сұрады. Жапаров оқушымен кездескен деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Басылымның жазуынша, ақпан айында Ыстық көл облысы Балбай ауылында тұратын оқушы Садыр Жапаровқа мектеп салып беруін өтініп, желіде видео жариялаған.

"Ассалаумағалейкүм, Садыр Жапаров, жағдайыңыз қалай? Міне сіз президент болдыңыз. Біздің ауылға екі қабатты мектеп салып бере алмайсыз ба? Мектебіміз көгеріп кетті, сол себепті біздің онлайн оқуға ауысымыз керек болды. Бұл қалай болғаны? Мектеп салыңыз, содан кейін сізді халық жақсы көре бастайды", - дейді кішкентай қырғызстандық.

Жапаров Ресейге сапарға дайындалып жатқандықтан мектеп оқушысымен бірден кездесе алмапты. Дегенмен Қырғызстан президенті Бекболотпен видео арқылы сөйлесіп, Ресейден оралған соң кездесуге уәде берген.

Осылайша, 28 ақпанда оқушының Instagram парақшасында Бекболот пен Садыр Жапаровтың бірге түскен фотосы пайда болған.

Президенттің баспасөз хатшысы Галина Байтерек бұл ақпаратты растаған.

Еске сала кетсек, Павлодар облысы Ертіс ауданында тұратын 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген еді.

Мемлекет басшысы оқушының хатына жауап беріп, оған арнайы сыйлық жіберген болатын. Мансұрға президенттің сыйлығын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901339-sadyr-zaparov-ozinen-mektep-salyp-beruin-otingen-8-zasar-balamen-kezdesti-foto/