Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада қымбат көлік сатып алып, 6 жылдан бері ақшасын бермей жүрген тұрғын ұсталды

Жарияланған күні:

Көлікте отырған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Қызылордада алты жылға жуық уақыттан бері сатып алған қымбат көлігінің ақшасын бермей жүрген 34 жастағы тұрғын ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қаласының жергілікті тұрғыны 27 ақпанда полицияға хабарласқан.

Ол өз арызында 2015 жылдың желтоқсан айында "Toyota Land Cruiser" автокөлігін қолхат жазыдырып алу арқылы сатқанын көрсеткен. Бірақ, сатып алушы содан бері ақшасын қайтаруға асықпаған.

Жәбірленушіге келтірілген залал сол кездегі ақша құнымен есептегенде 2 млн теңгеге жуық қаржыны құрайды. Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Қолға түскен 34 жастағы ер адам өз әрекетін толықтай мойындаған. Қолхат арқылы көлік сатып алғанын, бірақ төлемін жасамағанын растаған.

"Бұл бойынша қылмыстық кодексінің 190-баптың 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолы, бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұған дейін қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, құны 400 мың теңге тұратын телефонды несиеге алғызған 44 жастағы алаяқ әйелді ұстаған болатын.

Жәбірленушінің айтуынша, 2020 жылдың қазан айында белгісіз азаматша "10 миллион теңге көлемінде несие алып беремін" деп сеніміне кірген көрінеді.

Осылайша, ол жәбірленушіге алдау жолымен "Актив" орталығынан "Айфон-11" маркалы ұялы телефонын несиеге алдыртып, 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901478-qyzylordada-qymbat-kolik-satyp-alyp-6-zyldan-beri-aqsasyn-bermei-zurgen-turgyn-ustaldy/