jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Instagram да, Facebook те емес: Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі анықталды

Әлеуметтік желілер
Фото: Pexels.com

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Statcounter Global Stats мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі атағы Facebook-ке бұйырды. Оның үлесі 69,8 пайызды құраған.

Одан кейінгі орындарды Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) және Instagram (2,6%) иеленген.

Ал елімізде ең танымал әлеуметтік желі Pinterest (32,7%) болып шықты. Одан кейін тізімде үздік бестікке YouTube (20,4%), "ВКонтакте" (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) енді.

Одан бөлек, дербес компьютер, ноутбук және моноблоктарда отыратын қазақстандықтардың ең көп кіретін әлеуметтік желілері – Рinterest, YouTube және "В Контакте" екені анықталған.

Планшеттерден ең көп кірілетіндер арасында Pinterest, Facebook және YouTube бар, бұл "үштік" сондай-ақ смартфон иелерінің үлкен сұранысына ие болып шықты, алайда бұл топта YouTube танымалдылық жағынан екінші орынға жайғасқан.

Play Market қосымшалар дүкені келтірген мәліметке сенсек, бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар берген бағалауға сәйкес, Pinterest қосымшасы 5 жұлдыздың ішінен 4,6-ке ие болған. Екінші орынды 4,2 жұлдыз жинаған YouTube және Twitter желісі бөліскен. Ал Facebook 4,1, "ВКонтакте" — 3,4 жұлдызға бағаланып отыр.

Instagram да, Facebook те емес: Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.