Мектеп жұмысына рұқсат берілді: Оқушылар форма киюге міндетті ме
Жарияланған күні:

ОКҚ өткен онлайн-брифингте білім және ғылым вице-министрі балалар мектеп формасын киюі керек пе деген сауалға жауап берді. Айта кетсек, 1 наурыздан бастап 1-5 сынып аралығындағы оқушылардың кейбір пәндері мектепте өтетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Шолпан Каринова еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілгенін айтты. Бұл кейбір сабақтардың мектепте өтетінін білдіреді.
"Мұны жедел шешім болды деп айтуға болмайды. Бұл жан-жақты ойластырылған шешім болды, біз бұған дәйекті түрде бардық. Бас санитар дәрігердің қаулысында 1 наурыздан бастап мектепте оқуға рұқсат етілетіні айтылған. Алайда бала 1 наурыз күні мектепке баруы керек екені көрсетілмеген. Оқуға рұқсат берілді, сол себепті мұғалімдер 1 наурыздан бастап ата-аналарға балаларының қандай режимде, қалай және қай ауысымда оқитынын түсіндіруді бастады", - дейді ол.
Осы ретте бала дайын болмаса немесе ата-аналар ауру жұқтырудан қорықса, сондай-ақ коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған жағдайда ата-аналардың өтініші бойынша оқушылардың қашықтан оқуды жалғастыра беруіне болады.
"Мектептерге штатты немесе қашықтан оқыту форматында өткізілетін пәндерді өз бетінше анықтау құқығы берілген. Білім және ғылым министрлігі барлық базалық пәндерді штатты режимде өткізуге кеңес береді, ал "көркем шығарма" және "музыка" сияқты пәндерді әзірге қашықтықта, асинхронды форматта қалдырған жөн, - дейд министр.
Сонымен бірге ол балалар мектеп формасын киюі міндетті ме деген сауалға жауап берді.
"Мектеп формасына келетін болсақ, біз оқу жылының басында мектептерде мектеп формасы қажет емес деген шешім қабылдадық. Балалар мектепке жинақы және таза киіммен келе алады", - дейді Каринова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901599-mektep-zumysyna-ruqsat-berildi-oqusylar-forma-kiyuge-mindetti-me/