Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Синоптиктер көктемнің үшінші күніне болжам жасады

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің синоптиктері көктемнің үшінші күні - 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың дерегіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінде күн райы қолайсыз болмақ деп хабарлайды Қазгидромет.

3 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе қаласында 3 наурызда күндіз жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлері мен Орал қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Атырау облысы мен Қарағанды облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетауда жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады, таңертең және күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан қаласында 3 наурызда түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз 3 наурызда бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901616-burqasyn-tuman-koktaigaq-sinoptikter-koktemnin-usinsi-kunine-bolzam-zasady/

pixel