Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда президент кортежінің брондалған көліктері сатылымға шықты

Опубликовано:

Президенттік кортеждің көліктері сатылымға шығарылды
Фото: hronikatm.com

Түркіменстанда президенттік кортеждің брондалған автокөліктері шетелге сатылымға шығарылды деп хабарлайды Хроника Туркменистана.

Түркіменстанның мемлекеттік тауар және шикізат биржасында президент кортежінің бронды көліктері кезекті рет шетелге сатылымға шығарылған.

Барлығы алты автокөлік сатылымға қойылды:

  • 2001 жылы шығарылған екі брондалған Mercedes-Benz S600 - 48 500 доллар;
  • 2009 жылы шығарылған брондалған Bentley Continental - 75 000 доллар;
  • 2010 жылы шығарылған брондалған Cadillac STS - 72 000 доллар;
  • 2009 жылы шығарылған брондалған Lexus LS460 L AWD - 40 000 доллар;
  • 2006 жылы шығарылған брондалған Mercedes-Benz S600L - 65 000 доллар.

Еске сала кетсек, Түркіменстан президенті Сердар Гурбангулыұлы Бердымұхамедовті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түркіменстан жоғары бақылау палатасының төрағасы етіп тағайындаған болатын.

11 ақпан күні қол қойылған жарлыққа сәйкес, ол Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына кірді.

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедовті қызметке тағайындай отырып, жаңа вице-премьердің міндетіне цифрлық жүйе мен инновациялық технологияларды өндірістің барлық саласына, мемлекеттік басқару және қоғамдық құрылым жүйесіне енгізу, сондай-ақ осы қызметті бақылауды жүзеге асыру жұмыстары кіретінін айтты.

Сердар Бердымұхамедов бұған дейін, 2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Түркіменстанның өнеркәсіп және құрылыс өндірісінің министрі қызметін атқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901622-turkimenstanda-prezident-kortezinin-brondalgan-kolikteri-satylymga-syqty/

pixel