Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қандай жолдар жабық

Опубликовано:

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жол жабылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі "Қазавтожолға" сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында:

  • Атырау-Орал (375-492 шақырым), Чапаево - Орал учаскесі;
  • Орал-Тасқала-Ресеймен шекара (31-104 шақырым), Переметное - Ресеймен шекара.

Ақтөбе облысында:

  • Самара-Шымкент (776-965 шақырым), Өлке - Қарабұтақ;
  • Самара-Шымкент (265-526 шақырым), Подстепное - Ақтөбе облысы шекарасы.

Шығыс Қазақстан облысында:

  • Омбы-Майқапшағай (756-906 шақырым), Семей - Қалбатау;
  • Алматы-Өскемен (778-967 шақырым), Аягөз - Қалбатау;
  • Өскемен-Семей ( 10-198 шақырым), Герасимовка - Семей;
  • Өскемен-Шемонаиха-Ресеймен шекара (36-102 шақырым), Предгорное - Шемонаиха;
  • Өскемен-Риддер-Ресеймен шекара (15-105 шақырым), Белоусовка - Риддер.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанда әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Тұман, көктайғақ, боран болып, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді, дейді синоптиктер.

Осыған байланысты еліміздің сегіз өңірінде дауылдық ескерту жарияланған.

Олардың арасында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Жалпы қандай жолдар жабық екені жайлы толығырақ ақпаратты "Қазавтожол" сайтынан, сондай-ақ 1403 бірыңғай нөмірі мен 112 құтқару қызметіне хабарласып білуге болады.

Сонымен қатар Darmen мобильдік қосымшасының көмегіне де жүгіне аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901685-qazaqstanda-qandai-zoldar-zabyq/

pixel