Щучинсктегі екі полицейдің өлімі: Айыпталушыға сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Бүгін, 3 наурызда Щучинскте қызметтік "Нива" көлігімен соқтығысқан Lexus жүргізушісіне сот үкімі шықты. Жантүршігерлік жол апатының салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапқан еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сот үкімін тыңдауға келген Бурабай аудандық сотының залында адам қарасы көп болған. Олардың арасында марқұмдардың туыстары мен әріптестері, сондай-ақ айыпталушының жақындары бар.
Қарауылшылар Сергей Воронцовты сотқа жеткізген. 26 жастағы айыпталушының ісі екі айдан астам уақыт қаралған.
Нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.
Сонымен бірге ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емделуге міндеттелді.
Одан бөлек, ер адам марқұмдардың отбасына 10 млн теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді және қираған көлік үшін полицияға келтірілген материалдық шығынды өтеуі қажет. Оның мөлшері үш миллион теңгеге жуық.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2020 жылы 15 қазан күні таңертең болған еді. Жантүршігерлік жол апаты бақылау камераларына жазылып қалған.
Апат салдарынан Lada-21214 көлігінде отырған екі полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетейік, бұған дейін Сергей Воронцовтың анасы мәлімдеме жасап, көлік рөлінде өзінің ұлы отырмағанын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901715-shhucinsktegi-eki-policeidin-olimi-aiyptalusyga-sot-ukimi-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.