Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Тоқаевқа қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануы туралы есеп берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерболат Досаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайында есеп берілді, сондай-ақ, Ұлттық Банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамдары мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтылды. 

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық Банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.

Президент Ұлттық банк төрағасына азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жеделдетуді тапсырды.

Еске салсақ, күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Мемлекет басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901753-dosaev-toqaevqa-qazaqstandyqtardyn-zeinetaqy-zinaqtaryn-paidalanuy-turaly-esep-berdi/

pixel