Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 2 айлық нәрестені анасы кіреберісте қалдырып кеткен

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағандыда көкек ана екі айлық қызын кіреберісте тастап кетті. Полиция қызметкерлері әйелді іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының ​​полиция қызметкерлері 3 наурыз түн ортасында Майқұдық үйлерінің бірінің кіреберісіне екі айлық қызды тастап кеткен әйелді іздеп жатыр.

Сәби 15-ші ықшамауданнан табылды. Анасы нәрестені көрпеге орап, көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінің есігінің алдына қалдырған.

"Жергілікті тұрғындар сәби туралы полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың дені сау, медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-бөлігі бойынша (Қауiптi жағдайда қалдыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп атап өтті Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінде.

Еске салсақ, Вьетнамда курьер болып жұмыс істейтін жас жігіт Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршінді дер кезінде қағып алып, құтқарып қалды.

Бұл жайтты көрші үйдің тұрғындары видеоға түсіріп алыпты. Балақайға қауіп төнгенін байқаған жұрт шулап, көмекке шақыра бастағанда жақын маңда болған Нгуен дереу әрекет етуге көшкен. Ол бірінші қабаттың кішігірім шатырына көтеріліп қыз баланы құтқарудың амалын ойластыра бастағанда сәби құлап кетеді. Бәрі әп-сәтте болғандықтан, жігіт ойланбастан балақайды қағып алуға әрекеттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901789-qaragandyda-2-ailyq-naresteni-anasy-kireberiste-qaldyryp-ketken/

pixel