jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, 5 наурызда Жамбыл облысының кейбір аймақтарында қатты жауын-шашын жауады. 4-6 наурыз аралығында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 23 м/с жетуі мүмкін. 5 наурызда жаяу бұрқасын соғады. Таразда 4-6 наурызда кей уақытта тұман түседі. 4-5 наурыз аралығында көктайғақ болады. 5 наурызда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын жауады. Кей жерлерде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді. Петропавл да осы күні бұрқасын көтеріледі, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Боран соғып, күндіз көктайғақ болады. Аймақта және Қарағанды қаласында Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 23 м/с. 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, жылдамдығы - кей жерлерде 15-20 м/с.

Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Облыста және Орал қаласында желдің күші - 15-20 м/с.

Ертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде және Ақтөбе қаласында - жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с. Атырау қаласын да тұман түседі. Кей уақытта көктайғақ болады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.