Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құртты аяқпен дайындаған келіншек жұрттың ашуын келтірді (видео)

Опубликовано:

Келіншек
Кадр: Podrobnouz

Өзбекстанның Самарқанд облысында құртты аяғымен басқан келіншек көпшіліктің ашуына тиді деп хабарлайды Xabar.uz сайты.

Интернетте тарап кеткен видеода әйел аяқ киімімен құртқа арналған қоспаны басып жатқанын байқауға болады. Бұл жайт Самарқанд облысы Іштіхан ауданында болған деп хабарлады Zamon бағдарламасының репортерлері.

Белгілі болғандай, Каллахоса ауылы Дехканабад махалласының тұрғыны құртты қолымен дайындауға күші қалмағасын, осындай әрекетке барған екен. Ол күйеуі үйінде болмағаннан кейін құрттың қоспасын аяғымен илеуге кіріскен.

Бұл жайтты қызықтаған көршісі оны видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Видео авторы көршісіне кесірін тигізу ойында болмағанын, тек әрекеті қызық болып көрінгесін видеоға түсіріп алғанын алға тартыпты.

Махалла төрағасы Шахобиддин Мухаммадиев келіншектің әрекетін сынға алған.

"Учаскелік полицеймен бірге видеоны қарап шықтық. Ол видеода өзі екенін растады. Не үшін олай істегенін сұрағанымызда, ол жақында босанғандықтан, күші болмай, құртты аяқпен әзірлеуді ұйғарғанын айтып, ақталды. Алайда босанғанды желеу қылауға болмайды, оның ұяты болуы керек қой", - деп күйінді Шахобиддин Мухаммадиев.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығының қызметкерлері санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін құрттың барлық партиясын жойғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901900-qurtty-ayaqpen-daiyndagan-kelinsek-zurttyn-asuyn-keltirdi-video/

pixel