Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын "жерлеуге" ақша сұраған

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Солтүстік Қазақстан облысында тірі туыстарын "жерлеу" үшін тұрғындардан ақша алған алаяқ ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Шал ақын ауданының полиция қызметкерлері тонау қылмысын ашу кезінде екі алаяқтық фактісін анықтады.

15 ақпан күні Сергеевка елді мекенінің 29 жастағы тұрғыны дүкен тонады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары ер адам бұған дейін істі болғанын атап өтті.  

"Тергеу барысында күдіктінің өткен жылы желтоқсанда жергілікті тұрғындардың бірінен апасын "жерлеуге" 50 мың теңге алғаны анықталды. Алайда оның ешқашан апасы болмаған", - делінген хабарламада.

Қаңтар айында күдікті аудандағы шаруа қожалығына қара жұмысшы болып кіреді. Екі апта жұмыс істегеннен кейін бастығынан материалдық көмек сұрайды. Бұл жолы ақша анасын "жерлеуге" қажет болған.

Әйелдің тірі және аман-сау екенінен хабарсыз кәсіпкер қарамағындағы қызметкеріне 62 мың теңге берген. Осыдан кейін ер адам жұмысқа шықпаған.

Екі факті де қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда ең жиі жасалатын алаяқтық түрлері туралы айтқан еді.

Тізімде "банк өкілдерінен" түсетін қоңыраулар мен Instagram арқылы сату бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902042-soltustik-qazaqstanda-er-adam-bastygynan-tiri-anasyn-zerleuge-aqsa-suragan/

pixel