Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Жұмаділдаев: Қазіргі жастарға реализм жетіспейді

Опубликовано:

Асқар Жұмаділдаев
Скриншот: Нартай Аралбайұлының youtube - арнасы

Академик Асқар Жұмаділдаев журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, қазақ жастарының жұмыссыз жүруіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ академик жұбайлар арасындағы махаббат туралы, ажырасудың арту себебі туралы ой бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Танымал қазақ академигі Асқар Жұмаділдаев көптен бері алғаш рет сұхбат берді. Ол қазіргі ғылым академиясын сынға алды. Математик өзін академикпін деп атауға ұялып жүргенін жеткізді.

"Қазіргі академия бұрынғы Сәтпаевтың академиясы емес, екінің бірі академик болып кетті. Өзімді академикпін деп айтуға ұялатын болдым. Не көп - академик көп, не көп - доктор көп, профессор көп. Бәрі сұйылып кетті", - дейді математик Асқар Жұмаділдаев.

Ол еш уақытта атақ лауазымын айтпайтынын атап өтті.

Асқар Жұмаділдаев әйелі туралы сұраған журналистің сауалына ескерту жасады.

"Қазақ еш уақытта әйелін мақтап елдің көзінше айтпайды. Қазақтың менталитеті бөлек. Басқа ұлттар мақтай береді. Ешбір адам өзінің әйелін мақтап отырғанын көрдіңіз бе? Қыз Жібек - абстарктілі образ. Оны мақтап отырған адам бөлек, ақын, ол өзінің әйелі емес. Оны мен де мақтай аламын", - деді ол.

Академик жастар арасында ажырасу санының артқанын сөзге тиек ете отырып, жұбайлар арасындағы махаббатты сақтап қалатын фактілерді атады.

"Факті келтірейін. Соңғы кезде үйлену мен ажырасудың статистика айырмашылығы 30 пайызды көрсеткен. Қазір 50 пайызға жақындап қалған шығар. Сонда көбісі жарты жылға шыдамай ажырасып кетеді екен. Бұл нені білдіреді. Теріс тәрбие. Махаббат деген қасиетті ұғым, оны Абай да, Пушкин де жазады. Бірақ практика, прагматизм, реализм бар. Егер әліақыл тоқтатпаған адамға осыны басына құя берсеңіз, одан ештеңе шықпайды. Егер адамның өзінің үйі болса, жалақысы болса, жауапкершілігі болса махаббаттары баяндырақ болады", - дейді Асқар Жұмаділдаев өзінің алдыңғы сұхбаттарында айтқан сөздерін нақтылай келе.

Академиктің сөзінше, қазіргі жастарға жетпей жүрген нәрсе - реализм және жауапкершілік. Еңбекқор болыңыз. Қазір жастардың қолында бес-он дипломы бар, бірақ жұмыс істегісі келмейді. Бәрі қияли әңгімелерді айтып жүреді. Романтика. Айдың астында, анау-мынау... Одан не шығады?! Әңгіме нәтижесінде, сөзінде емес, ісінде", - дейді академик.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902100-asqar-zumadildaev-qazirgi-zastarga-realizm-zetispeidi/