Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аршалы маңында 4 шақырымдық кептеліс пайда болды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысы Аршалы ауданы маңындағы жолда 4 шақырымдық кептеліс пайда болған деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

6 наурызда Аршалы ауданының Анар стансасына жақын жерде, "Алматы-Екатеринбург" автомагистралінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі қолайсыз ауа райына байланысты рульді басқара алмай, жолдың ортасын бөлген темірге соғылған.

"Жолды ұзын жүк көлігі жауып қалғандықтан Нұр-Сұлтан қаласы бағытында шамамен 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болды. Арнайы шараларды қолдана отырып, қабылданған шаралардың арқасында жолдың жүріс бөлігі ашылды. Кептелісте тұрған автокөлік, қауіпсіздік шаралары мен жылдамдық режимін сақтай отырып, Аршалы ауданының қызметкерлерімен Нұр-Сұлтан қаласына дейін апатсыз жеткізілді", – делінген департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасындағы хабарламада.

Полицейлер жолдарда мұқият болуды және ауа райы қолайсыз болған жағдайда елді мекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды.

Еске салсақ, Павлодар облысында 150-ден астам көлік қар құрсауынан құтқарылды. Жылыту пункттеріне 140 адам жеткізілген, оның 15-і бала.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегеновтің айтуынша, қар құрсауынан түнде 5 жылыту пунктіне 140 адам әкелінген, оның 15-і балалар. 61 адам құтқарылды, оның 11-і балалар. 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. Сондай-ақ қар құрсауынан 32 жеңіл және 3 жүк көлігі құтқарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902358-arsaly-manynda-4-saqyrymdyq-keptelis-paida-bolgan-video/

pixel