Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы шектелді
Опубликовано:

Ауа райының нашарлауына байланысты БҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу салынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
8 наурыз күні елорда уақытымен сағат 14:15-те Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) "Самара-Шымкент" тас жолының 394-526 шақырымында, Жымпиты кенті мен Ақтөбе облысының шекарасы арасында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі.
Сонымен бірге, бұл уақытта Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" автожолының 526-712 шақырымы, Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Күршісай кентінің арасында жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу салынады.
Ал "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 24-99 шақырымы, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығында автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Оған қоса, 8 наурыз күні елорда уақытымен сағат 17:00-де Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) "Самара-Шымкент" тас жолының 776-836 шақырымында (Белогорка - Хромтау) және 615-710 шақырымында (Қобда - Күршісай) барлық автокөлік түрлері үшін шектеу салынды.
Сонымен қатар, сағат 16:30-да "Ақтөбе-Орск" тас жолының 39-136 шақырымында (Ш.Қалдаяқов ауылы – РФ шекарасы) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
Айта кеткен жөн, Павлодар облысында 150-ден астам көлік қар құрсауынан құтқарылды. Жылыту пункттеріне 140 адам жеткізілген, оның 15-і балалар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902396-batys-qazaqstan-men-aqtobe-oblystarynda-kolik-qozgalysy-sekteldi/