jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ: Синоптиктер 9 наурызға ауа райы болжамын ұсынды

Көктем
Көрнекі сурет: pixabay.com

9 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Тек Қазақстанның оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, солтүстік-батыста және солтүстікте 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел екпіні 15-20 м/с дейін, ал күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды, түнде Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с дейін жетіп, жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ: Синоптиктер 9 наурызға ауа райы болжамын ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.