Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта үш ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі айдаладан табылды

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Балқаштан бірнеше шақырым жерден үш ай бұрын жоғалған Татьяна Тениканың мәйіті табылды. Ол аздап есін жоғалтқан еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балқаш тұрғыны Татьяна Теника өткен жылдың 29 қарашасында жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып, жақындарымен байланысын үзген. Оның жоғалғаны туралы арыз полицияға 2 желтоқсан күні құрбысынан келіп түскен. Сондай-ақ, ол еріктілерден де көмек сұрады.

Полиция қызметкерлері 46 жастағы келіншекті бірнеше ай бойы іздеген. Жақында қала маңындағы аймақтан оның денесі табылды.

"Оны іздеу туралы арыз құрбысынан 2 желтоқсан күні түскен. Аумақты аралау кезінде полиция қызметкерлері Балқаш қаласынан үш шақырым жерде Саяқ ауылына қарай мәйітті тауып алды.

Сот-медицина қорытындысына сәйкес, әйел денесі салқындау салдарынан көз жұмған",- деді Қарағанды облысы Полиция департаменті.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылған еді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында орын алған.

"Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыз баланың қайтыс болғанын анықтады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902476-balqasta-us-ai-buryn-zogalyp-ketken-aieldin-denesi-aidaladan-tabyldy/

pixel