Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қымбат смартфон ұсынады": Алаяқтар белгілі банктің атынан халықты қайта алдай бастады

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда алаяқтар Halyk Bank-тің атынан азаматтарды қайта алдай бастаған. Бұл жолы олар сауалнамадан өткені үшін қымбат смартфон мен басқа да бағалы сыйлықтар ұсынуда деп хабарлайды stopfake.kz.

Қазақстандықтардың мессенджер арқылы бір-біріне таратып жатқан хабарламада "Бейілділік бағдарламасы" аясында Halyk Bank-тің сауалнамаларынан өтіп, IPhone12 pro немесе басқа жүлделерді ұтып алуға болатыны" айтылған.

Алайда банктің Instagram желісіндегі ресми парақшасы Halyk Bank-тің ешқандай сауалнама өткізбейтінін хабарлаған.

Сондай-ақ пайдаланушыларға үндеу жасап, өз деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға және аса сақ болуға кеңес берген.

Айта кетейік, сауалнамалар екі түрлі интернет-парақшада орналастырылған. Оның ешқайсысы банктің ресми парақшасы емес.

Екі сайттағы ұтыстар туралы сауалнамалар мен пікірлер бірдей. Онда жеке мәліметтерге арналған тармақшалар бар. Ал бұл мәліметтерді білген алаяқтар төлем карталарына, жеке аккаунттарға және өз құрбандарының смартфондары мен компьютерлерінде сақталған ақпаратқа қол жеткізе алады.

Жалпы алаяқтар Halyk Bank атынан бұған дейін де алдауға тырысқан еді. Ол кезде алаяқтар сауалнамадан өткендердің барлығының картасына ақшалай сыйақы жіберуге уәде берген.

Ал банктің ресми өкілдері мұндай сауалнамалар мен ұтыс ойындарын өткізбейтіндерін бірнеше рет хабарлаған болатын.

Банк
Фото: stopfake.kz

Еске сала кетсек, Kaspi.kz, "Сбербанк", Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банкі (Қазақстан), ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банкі, Еуразия банкі және "Альфа-Банк Қазақстан" алаяқтардың шабуылы жиілеп кетуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Банктер алаяқтықтың бірнеше тәсілін мысал еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902524-qymbat-smartfon-usynuda-elimizde-alayaqtar-azamattardy-banktin-atynan-aldap-zatyr/

pixel