RU

Қазақстандық туристер Гоаға визасыз баруы мүмкін

турист22
Көрнекі фото: pixabay.com

Кей елдің азаматтары енді Гоаға визасыз баруы мүмкін. Оның ішінде қазақстандықтар да бар деп хабарлайды КТК арнасы.

Белгілі болғандай Гоадағы туризмді қайта жандандырып, өзге бәсекелестерінің алдын орау үшін жергілікті туризм қауымдастығы билікке туристерді биылғы наурыздан келесі наурыз айына дейін визалық төлемдерден босатуды ұсынған.

Яғни Гоаның туризм қауымдастығы қауіпсіз саналатын елдерден чартерлік рейс қабылдауды қайта жандандырғысы келеді.

Оның ішінде Ұлыбритания, Польша, Украина, Финляндия, Ресей, Қазақстан және басқа да ТМД елдері бар.

Аталған елдерден қатынайтын әуе компанияларын бір жыл бойы әуежай салығынан да босату көзделіп отыр.

Айта кетейік, қазір әлемде тек бес ел ғана туристерді толық қабылдай алады. Ол: Албания, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Македония және Танзания.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Грузиямен әуе тасымалын қайта жандандырмақ екенін хабарлаған едік.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 16 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына үш рет қайта ұша бастайды.

Сонымен қатар немістің Lufthansa әуе компаниясы да 1 мамырдан бастап Майндағы Франкфурттен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына әуе рейстерін қайта орындай бастайды.

Қуанышты жаңалықпен әуе компаниясы өзі бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902589-qazaqstandyq-turister-goaga-vizasyz-baruy-mumkin/