Қазақстан мен Германия арасындағы тұрақты әуе рейсі қайта жанданады
Опубликовано:

Немістің Lufthansa әуе компаниясы Майндағы Франкфурттен Қазақстанға әуе рейстерін қайта орындай бастайтынын хабарлады. Бұл туралы inbusiness.kz жазды.
Компанияның мәліметінше, ұшақтар 1 мамырдан бастап еліміздің екі қаласына қатынайды.
"Коронавирус пандемиясына байланысты орын алған ұзақ үзілістан кейін Lufthansa әуе компаниясы 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты әуе рейсін қайта жандандырады", - деп хабардар етті компанияның баспасөз қызметі.
Майндағы Франкфурттен Алматыға рейс (№LH646) аптасына екі рет - дүйсенбі және сенбі күндері орындалады. Бұл жерде ұшақтың Нұр-Сұлтан қаласына тоқтайтынын ескеру керек. Тікелей әуе рейсі (№LH648) тек бейсенбі күні орындалады.
Ал Алматыдан Майндағы Франкфуртке сейсенбі және жексенбі күні тікелей ұшып баруға болады.
Жұма күні орындалатын рейсте (№LH649) әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласына тоқтап, кейін сапарын жалғастырады.
Сонымен қатар компания әуе рейстерін Airbus A330-300 ұшағы орындайтынын хабарлады.
Еске сала кетсек, Lufthansa әуе компаниясы елімізге өткен жылы 11 наурызда яғни ДДСҰ коронавирус пандемиясы туралы жариялаған соң ұшуды тоқтатты.
Айта кетейік, Германияда 1 наурыздан бастап азаматтар коронавирус экспресс-тестін тегін жасай алады. Тесті дәріханаларда, клиникалар мен стоматологияларда және тестілеу орталықтарында жасатуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901162-qazaqstan-men-germaniya-arasyndagy-turaqty-aue-reisi-qaita-zandanbaq/