Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік ару әлемдегі ең әдемі қызғылт сары шашты қыз атанды

Опубликовано:

Мишель11
Фото: instagram.com/angelin_a_michelle

Ресейлік Анджелина Мишель әлемнің ең әдемі қызғылт сары шашты қызы атанды. Оның пропорциясы алтынмен теңестірілгендіктен, бет-әлпеті мінсіз деп танылған деп жазады Рамблер.

Анджелина Мишель Ресейдік Ростов-на-Дону қаласында өмірге келген. Оңтүстік Федералды университетінде білім алып, өзін модель ретінде дамыта бастаған.

Оның асқан танымалдылыққа ие болуына Instagram әлеуметтік желісі көп септігін тигізген.

Бойжеткенді желіден байқаған мамандар оны сән агенттігіне шақырған.

Қазір Анджелина танымал журналдардың мұқабасы мен белгілі брендертің жарнамасына түседі. Сырт келбетінің ерекше болуының арқасында Анджелина сұранысқа ие модельдердің бірі.

Тіпті ол Гонконгтағы агенттікпен бірлесіп жұмыс істеген. Кейінірек, Миландағы сән агентігіне ауысқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін 23 жасында 11 баланы тәрбиелеп отырған ресейлік келіншек туралы жазған едік.

Кристина болашақ күйеуі Галиппен Батумиде демалып жүргенде танысқан. 56 жастағы түркиялық қонақ үй желілеріне иелік ететін кәсіпкер.

Алты жыл бұрын Кристина қыз баланы өмірге әкелген. Ал ерлі-зайыптының қалған 10 баласы емханада мұқият таңдалған суррогат аналардан дүниеге келген.

Олар әрбір суррогат ана үшін 8000 еуро (шамамен 4 миллион теңге) жұмсаған. Дегенмен отбасы 11 баламен тоқтамақ ниетте емес.

"Біз қаржы мәселесін қарастырып қойғанбыз, сол себепті бұған алаңдамаңыздар", - дейді Кристина Озтюрк.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902608-alemnin-en-ademi-qyzgylt-sary-sasty-qyzy-kim-ekenin-bilesiz-be/

pixel