Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Наконец-то": Тура бір жыл бұрын Бекшин Қазақстанға коронавирустың қашан "келетінін" болжаған еді

Жарияланған күні:

Жандарбек Бекшин
Фото: ОКҚ

Елімізде әлемді дүрсілкіндірген COVID-19 инфекциясының таралғанына бір жылдай уақыт болды. Тура бір жыл бұрын 10 наурыз күні сол кездегі еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамның қашан тіркелуі мүмкін екенін айтып, болжам жасаған еді.

"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында елімізде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. Бізде коронавирус пайда бола салысымен бірден арнайы шаралар қабылдайтын боламыз", - деп мәлімдеген еді Бекшин ОКҚ брифингісінде.

Еліміздің сол кездегі бас санитарлық дәрігерінің болжамы бірден әлеуметтік желілерде тарап, мемге айналды. Оның әсіресе "наконец-то" деген сөзі көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.

Дегенмен Бекшиннің болжамы расталып, елімізде 13 наурыз күні алғаш рет коронавирус жұқтырған жандар тіркелді. Олар Германиядан елге ұшып келген әйел мен ер адам болатын.

Бұл туралы сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеген еді.

Көп ұзамай Жандарбек Бекшин елдің бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Кейін ол Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Қазір де осы қызметте.

Айта кетейік, елімізде коронавирус таралған соң, қатаң карантин шаралары қабылданып, төтенше жағдай жарияланды. Барлық жерде блок-бекеттер қойылып, емін-еркін жүріп-тұру мүмкін болмады.

Қазіргі таңда Қазақстанада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 220-018-ге жетіп отыр. Өткен тәулікте тағы 693 адамнан коронавирус анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902612-covid-19-tura-bir-zyl-buryn-beksin-qazaqstanga-koronavirustyn-qasan-keletinin-bolzagan-edi/