Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада мысық нәрестені өлтіріп қойды

Опубликовано:

Мысық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Украинада мысық төрт айлық нәрестені тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы Ровенский аймақтық шұғыл медициналық көмек орталығының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған lenta.ru хабарлады.

Медициналық мекеменің мәліметінше, анасы баланы бесік арбада тыныстамай жатқан күйінде тапқан. Бұл кезде сәбидің бетінде мысық жатыпты.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқаруға барын салып, ата-аналарының талап етуімен нәрестені Острожский орталық аймақтық ауруханасына жеткізген.

Өкінішке қарай, дәрігерлердің сәбидің өлімі туралы хабарлаудан басқа амалы болмаған. Нәресте мысық үстіне жатып алғаннан кейін тұншығып қалған екен.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Горно-Алтайск қаласында алкоголь ішкеннен кейін нәрестесін емізген ананың ісі сотта қаралып жатқанын жазған едік.

Тергеу мәліметтері бойынша, 11 қаңтарда Горно-Алтайск қаласының 32 жастағы тұрғыны өзінің туған күнін атап өтіп, алкогольдік ішімдік ішкен, содан кейін төрт айлық баласын емізіп қойған.

"Мас күйде болған әйел, сүтінде баланың өмірі мен денсаулығына қауіпті алкоголь бар екенін біле тұра, 2021 жылдың 11 қаңтарынан 12-не қараған түні 4 айлық баласын екі рет емізген. Салдарынан нәресте уланып, көз жұмды", - дейді істі тергеушілер.

Бүгінде тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, анасы туралы дәлелдемелер жинап, отбасында балаларды тәрбиелеу жағдайларын, сондай-ақ қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды зерттеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1902629-ukrainada-mysyq-naresteni-tunsyqtyryp-oltirdi/

pixel