Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘМСҚ басшылыққа берілген бірнеше миллион сыйақыға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов ӘМСҚ басшылығына түскен миллиондаған сыйлық ақыларға қатысты наразылық білдірді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарушы персоналға сыйақы төлеу туралы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ӘМСҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор 2019 жылдың қаржылық есебіндегі басқарушы персоналға сыйақы төлеуге 76,7 миллион теңге шығын көрсетілгенін түсіндірді.

Басқарма төрағасы мен оның орынбасарлары (4 адам) сыйақы алды. ӘМСҚ мәліметіне сәйкес, шығындарға жалақы, төленетін демалыстар, сыйақылар кіреді. Төленген сыйақылар үкіметтің қаулысымен белгіленген сыйақылардан аспағаны атап өтілді.

Қор ӘМСҚ қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізетіндігін, бұл қордың сайтында және қаржы министрлігінің сайтында ресми жариялауға жататындығын атап өтті.

Еске салсақ, мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов қазақстандық бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың миллиардтаған әкімшілік шығындарын атап өтіп, оларды бірыңғай әлеуметтік қорға біріктіруді ұсынды.

Аманжан Жамалов 2019 жылы Қазақстан Республикасының президенті үкіметке бірыңғай әлеуметтік қор құру арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру мәселесін зерттеуді тапсырғанын еске салды.

Бірақ 1,5 жылда бұл мәселе шешімін таппаған. Оның айтуынша, пандемия кезіндегі қоғамдық сынға қарамастан, бюджеттен тыс қорлар ештеңе болмағандай жұмысын жалғастырып жатыр.

Сөзінше, 2019 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары 5,8 млрд теңгеден асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902742-amsq-bassylyqqa-berilgen-birnese-million-syiaqyga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel