jitsu gif branding logo appbranding logo app

Нұр-Сұлтан қаласы мен елдің 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласы мен елдің 10 облысында дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайты.

Мамандар болжамынша, 13-14 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, 12 наурызда күндіз облыстың басым бөлігінде, 13-14 наурызда тәулік бойы кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда күндіз таулы аудандарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 13 наурызда күндіз ауа температурасының 16-21, кей жерлерде 6-11 градус жылыдан, 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

12 наурыз түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман күтіледі. 13 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 12-13 наурызда аралығында ауа температурасының 7-12, кей жерлерде 16 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

12 наурызда Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде 12 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 11-13 наурыз аралығында ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 7 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

12 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде 12 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 11-13 наурыз аралығында ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 7 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

11-13 наурыз аралығында Қостанай облысында ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 18 градус аяздан 20-25, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

11-13 наурыз аралығында Ақтобе облысында ауа температурасының 15-20 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Қарағанды қаласында 11 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Жезқазған қаласында таңертең және күндіз 11 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20м/с күтіледі.

11 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

11 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 11 наурызда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында 11 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік- батыстан екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с.

11 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 11 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

11 наурызда Павлодар облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 11 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қ.: 11 наурызда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

11 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 11 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 11 наурызда жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. 11-12 наурызда кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 11 наурызда күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда кей жерлерде күші 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 11-12 наурызда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 11 наурызда күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы мен елдің 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.