Боранды күн: Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды
Жарияланған күні:
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауа райының қолайсыздығына, боран болып, жолдың көрінбеуіне байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы тоқтатылды:
- Қарағанды облысында сағат 8:30-да Жезқазған – Петропавл (65-138 шақырым), Жезді – Ұлытау.
- Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы (686-729 шақырым), Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы.
- Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург – Алматы (729-768 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы.
- Ақмола облысында Жезқазған – Петропавл (377-440 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Державинск.
- Павлодар облысында Омбы – Майқапшағай (191-390 шақырым), Ресей Федерациясының шекарасы – Мичурино.
- Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай (89-234 шақырым), Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы.
8:30-да Ақмола облысында Екатеринбург – Алматы (997-1114 шақырым), Атбасар – Жалтыр ауылында жол ашылды.
Айта кетейік, Қазақстанның 10 облысында дабылды ескерту жарияланды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қазгидромет мамандары 11 наурызда қар мен жаңбыр, жауын-шашын, тұман, көктайғақ және жел болатынын хабарлады.
Құтқарушылар қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, дауыл туралы ескертулерді ескеріп, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902790-borandy-kun-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-zoldar-zabyldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.