Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

ауа райы
Көрнекі фото: sputnik.kz

Синоптиктер бүгін наурыздың 11-і Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

"Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Түнде еліміздің оңтүстік-шығысында таулы аудандарда нөсер жауын жауады. Тек күндіз республиканың батысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді", - деді ауа райын болжаушылар.

Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі және жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с болады деп отыр.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола обласының кей жерлерінде көктайғақ.

Одан бөлек, Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, кей жерлерде жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады, дейді мамандар.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін. Оның екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді деген болжам бар.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел секундына 15-20 жылдамдықпен жел.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел.

Қызылорда облысында көктайғақ болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деген болжам бар.

Синоптиктердің айтуынша, Түркістан облысында түнде тауда тұман түседі, өңірдің кейбір аумақтарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғыуы ықтимал.

Мамандар Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болып, жел 18 м/с жылдамдықпен соғады деп отыр.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, Атырау облысында тұман түседі, дейді синоптиктер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902766-qazaqstanda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel