RU

Боранды күн: Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

Боран астана
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ауа райының қолайсыздығына, боран болып, жолдың көрінбеуіне байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы тоқтатылды:

  • Қарағанды облысында сағат 8:30-да Жезқазған – Петропавл (65-138 шақырым), Жезді – Ұлытау.
  • Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы (686-729 шақырым), Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы.
  • Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург – Алматы (729-768 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы.
  • Ақмола облысында Жезқазған – Петропавл (377-440 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Державинск.
  • Павлодар облысында Омбы – Майқапшағай (191-390 шақырым), Ресей Федерациясының шекарасы – Мичурино.
  • Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай (89-234 шақырым), Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы.

8:30-да Ақмола облысында Екатеринбург – Алматы (997-1114 шақырым), Атбасар – Жалтыр ауылында жол ашылды.

Айта кетейік, Қазақстанның 10 облысында дабылды ескерту жарияланды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қазгидромет мамандары 11 наурызда қар мен жаңбыр, жауын-шашын, тұман, көктайғақ және жел болатынын хабарлады.

Құтқарушылар қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, дауыл туралы ескертулерді ескеріп, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902790-borandy-kun-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-zoldar-zabyldy/