jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ақтау маңындағы көлге келген мыңдаған фламинго видеоға түсіп қалды

Фламинголар
Фото: instagram.com/nurkentazhibay

Қаракөл көлі тағы да операторлардың назарына ілікті. Бұл жолы Ақтау тұрғыны су қоймасында жүрген мыңдаған фламингоны видеоға түсіріп алған.

Фламинголарды Нұркен Тәжібай таспалаған. Автордың айтуынша, түсірілім үшін оған кіші көлемдегі квадракоптер қажет болған деп жазады "Лада".

Ролик 9 наурыз күні түсірілген. Оператордың сөзінше, түсірілімге небәрі 30 минут кеткен.

Нұркен Тәжібай су қоймасында бірнеше рет дронмен видео түсірсе де, Қаракөлге келген мыңдаған құсты бірінші рет көргенін мойындайды.

"Мен кешегі күнге дейін көлдің үстінен дронды көтеріп келемін. Бірақ құстар аз болатын, кейде олар ұсақ топтарға бөлінетін. Техниканың олардың ұшуына кедергі келтірмегенін сеніммен айта аламын. Керісінше, олар оны мүлдем байқамай, квдракоптерді қанатымен бірнеше мәрте соқты. Сол сәттерде мен техника суға құлайтын шығар деп, онымен ойша қоштастым. Бірақ бәрі жақсы болды", - дейді Нұркен.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық, содан кейін шетелдік БАҚ Ақтау тұрғынының Қаракөл көлінде түсірген таңғажайып әдемі бейнежазбасына назар аударған болатын.

Азамат Сәрсенбаев видеоны Facebook парақшасында жариялайды. Кейінірек ол бұл жайтқа қатысты инспекцияға шақырылғанын айтты.

Кейінірек, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Талғат Аленов Қаракөл көлінің үстін дрондармен видеоға түсіруге тыйым салынғанын айтты.

Ақтау маңындағы көлге келген мыңдаған фламинго видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.