Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет отырысында елорда әкімі сөйлеп жатқанда келеңсіз жағдай болды

Опубликовано:

Үкімет үйі хабар24
Фото: 24.kz

Бүгін үкімет отырысына онлайн қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов кенеттен үзіліп кетіп, қайта "оралмаған" деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, отырыс таңғы тоғызда басталған. Үкімет мүшелері жиынға әдеттегідей бейнебайланыс арқылы қосылды. 

Отырыста білім министрі Асхат Аймағамбетов білім беру жүйесін дамыту туралы баяндама жасады. Осыдан кейін сөз кезегі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке берілді. 

Елорда әкімі сөйлеп жатқанда бейнебайланыс кенеттен үзіліп кетті. 

Үкіметте бірнеше минут мүлгіген тыныштық орнады. Техник мамандар байланысты қалпына келтіруге тырысқанмен, Көлгінов үкімет отырысына сол күйі "оралмады". 

Сонымен қатар, жақында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тікелей эфирде халыққа есеп беріп жатқан кезде жарық сөніп қалған болатын.

Еске салсақ, осы секілді оқыс оқиға жуырда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуінде болған еді. Тікелей эфир кезінде мінберге ілінген Елтаңба құлап кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өткен аптада Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылына арнайы жұмыс сапарымен барып қайтты. Өңір басшысы ол жердегі барлық әлеуметтік маңызды нысандарын аралап, олардың бүгінгі жағдайымен танысты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі сапары барысында жергілікті ауруханаға да ат басын бұрды. Емхана бөлмелерін аралаған ол өзін райынан қайтармақ болған медициналық ұжымның сөздеріне қарамастан сол жердегі шкаф есіктерін аша бастады. Нәтижесінде өңір басшысы ашпақ болған есік жерге құлап түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902860-ukimet-otyrysynda-elorda-akimi-soilep-zatqanda-kelensiz-zagdai-boldy/

pixel