Шымкент әкімі тікелей эфирде сөйлеп жатқанда жарық сөніп қалды
Жарияланған күні:
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тікелей эфирде халыққа есеп беріп жатқан кезде жарық сөніп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мегаполис басшысының есеп беру кездесуі қала әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Кенеттен жарық өшіп қалған уақытта Әйтенов әңгімесін үзбестен қоңырау шалған тұрғындардың сұрағына толық жауап берді. Ол 2 минуттан аса уақыт қараңғыда отырды.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласының әкімдігі екі сағатқа жуық созылған кездесудің трансляциясын толық өшіріп тастады. Бірақ желі қолданушылары әкімнің қараңғыда отырған сәтін сақтап үлгерген.
Еске салсақ, осы секілді оқыс оқиға жуырда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуінде болған еді. Тікелей эфир кезінде мінберге ілінген Елтаңба құлап кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өткен аптада Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылына арнайы жұмыс сапарымен барып қайтты. Өңір басшысы ол жердегі барлық әлеуметтік маңызды нысандарын аралап, олардың бүгінгі жағдайымен танысты.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі сапары барысында жергілікті ауруханаға да ат басын бұрды. Емхана бөлмелерін аралаған ол өзін райынан қайтармақ болған медициналық ұжымның сөздеріне қарамастан сол жердегі шкаф есіктерін аша бастады. Нәтижесінде өңір басшысы ашпақ болған есік жерге құлап түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900643-symkent-akimi-tikelei-efirde-soilep-zatqanda-zaryq-sonip-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.