Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауаптылар Алматы дәріханаларында дәрілердің жоқ екені туралы ақпаратты теріске шығарды

Опубликовано:

Дәріхана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін онлайн-брифинг кезінде Қазақстан фармацевтикалық қызметін дамыту және қолдау ассоциациясының президенті Марина Дурманова мен Алматыны дәрімен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші Тимур Хаиров қаладағы дәріханалардан ең қажетті дәрілердің табылмауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тимур Хаиров 60 түрлі дәрілік заттардың 40 млн теңгеден асам ақшаға сатып алынып, қалаға жеткізілгенін айты. Бүгінде 2 айлық қор қалыптасқан.

"Бүгінгі күні күн сайын қала станионарлары, емханалары мен дәріханаларын дәрі-дәрмек және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мониторингі жүргізіледі. Дәріханалар медициналық маскамен 100 пайыз қамтылған. 6 компания күніне 1 миллионнан астам маска өндіреді. Бүгінде қолымызда 26 миллионнан астам маска бар.

Дәрілік заттар тізімінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған, 2020 жылғы бағамен сатып алынған 8 зат бар. Яғни, сатып алу бағасы 2021 жылғы қаңтардағы бұйрықпен бекітілгеннен жоғары. Бүгінде қолда "Кардиомагнил" 150 және 175 мг дәрісінің 92 мың қаптамасы бар. Сонымен бірге "Тромбопол Нео", "Тромбо АСС" секілді дәрілерде бар", - дейді Тимур Хаиров.

Оның сөзінше, дәріханалардан әсер етуі бірдей препаратты алмастырғыштарды табуға болады. Ал қалада дәрі жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"31 желтоқсанда бұйрыққа қол қойылғандығы, оның негізінде дәрі-дәрмектердің бағаларын реттеудің арнайы бұйрығымен 30-40% төмендетілгені бәрімізге белгілі. Бұл дәрі-дәрмектің халыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жасалды.

Бізде коронавирусты емдеуге арналған нозология енгізілді. Соның нәтижесінде Алматы мен республиканың кез-келген тұрғыны емханадан ацетилсалицил қышқылы, ибупрофен, парацетамол сияқты дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.

Бізде алмастырғыштар бар, мысалы, "Тромбо АСС" және "Тромбопол сияқты дәрілер. Соңғысы отандық өнім", - дейді Марина Дурманова.

Сонымен бірге, "Inkar" ЖШС жеткізу бөлімінің жетекшісі Бибінұр Сардарбекова да "Кардиомагнил" препаратының жоқтығына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, дәрі шекті бағасының өзгеруіне байланысты жоқ болып отыр.

"Әзірге өндіруші зауыт баға мәселесін шешіп жатыр. Сол себепті біз "Тромбопол" мен "Тромбо АСС" сатып жатырмыз. Жақын арада мәселе шешіледі деп үміттенемін", - дейді Сардарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902864-zauaptylar-almaty-darixanalarynda-darilerdin-zoq-ekeni-turaly-aqparatty-teriske-sygardy/

pixel