jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Мамин дарынды жастардың елден кетуін қалай азайтпақ

Студенттер
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда шетелдік университеттердің филиалы ашылады. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, бұл талантты жастардың елден кетуін азайтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет басшысы университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде 100% жаңартылатынын айтады. Нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады.

"Дарынды жастардың елден кетуін азайту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарланып отыр", – дейді премьер-министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол Назарбаев университетінің үлгісінде инновациялар мен жаңа технологияларды дамытумен айналысатын екі озық жоғары оқу орны құрылатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Асқар Мамин білім министрлігіне ең мықты 20 жоғары оқу орнын іріктеп, олардың тізімін 25 наурызға дейін Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі кеңесте қарау үшін үкіметке енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ үкімет басшысының сөзінше, жастар бірінші мамандығын тегін алуы үшін биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс 20 мың орынға дейін ұлғайтылады.

Осы ретте премьер облыс әкімдеріне 9 және 11-сынып оқушыларын алдын ала кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Ал Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бес жыл ішінде республикада 5 жетекші шетелдік жоғары оқу орнының кампустарын ашу жоспарланып отырғанын мәлім етті.

Сонымен бірге QS WUR рейтингіне (Әлемдік университеттер рейтингі) кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының санын 15-ке дейін арттыру көзделіп отыр.

Студенттерді жатақханалардағы орынмен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға берілмек.

Мамин дарынды жастардың елден кетуін қалай азайтпақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.