Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісіне сыйлық жасамақ болған қарағандылық жігіт жұмыс орнынан ақша ұрлаған

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысында ауыл азаматы сүйіктісіне сыйлық жасау үшін қызмет атқаратын мекемеден 200 мың теңгеден астам ақша ұрлаған деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Басылымның жазуынша, 15 ақпан күні Қарағанды облысы Шет аудандық полиция бөліміне аудандағы мекемелердің бірінен ақша ұрланды деген хабарлама түскен. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Алдын ала тергеу кезінде белгісіз біреудің мекеменің кассасы тұрған бөлменің құлпын сындырып, кассадан 225 мың теңге ұрлағаны белгілі болған.

Бұл жайт ақпан айының 13 нен 14 қараған түні болған. Полиция қызметкерлері ұрлық болған түні мекемедегі бейнекамералардың өшірулі болғанын анықтаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды.

Тергеу барысында күдікті азаматтың ұрлық болған жерде күзетші болып істейтіні анықталған.

Ал күдікті бұл әрекетін сүйіктісіне ғашықтар күніне сыйлық жасау үшін барғанымен түсіндірген. Яғни ол жұмыс кестесінің ақпан айының 13-нен 14-не қараған күнге келгенін пайдаланып, сол күні мекемедегі бейнебақылау камераларын сөндіріп, ұрлық жасаған.

Қазір қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысында көршісінің үйінен электрондық күбі ұрлаған ер адамның әрекеті әшкере болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902924-suiiktisine-syilyq-zasau-usin-qaragandylyq-zigit-zumys-ornynan-aqsa-urlagan/