Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында көршісінің үйінен электрондық күбі ұрлаған ер адам ұятқа қалды

Опубликовано:

ұры
Көрнекі фото: kr.informator.ua

Түркістан облысында көршісінің үйінен электрондық күбі ұрлаған ер адамның қылмысы әшкере болды. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісай‌ ‌аудандық полиция бөліміне ‌жергілікті‌ ‌тұрғын‌ ‌әйел‌ ‌арызданып‌ ‌келген.‌ ‌Ол ‌белгісіз‌ ‌біреу‌ ‌түнгі‌ ‌уақытта‌ ‌ауласына‌ ‌кіріп,‌ ‌асханасында‌ ‌тұрған‌ ‌электрондық‌ ‌күбісін‌ ‌жымқырып‌ ‌кеткенін‌ ‌айтқан.‌‌

Арызданушыға 15 мың теңге шығын келтірілген. Полицейлер "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ұрының алыстан келмегенін түсінген. Маңайдағылардан түсініктеме алған полицейлер көршісінің ұрлық жасағанын анықтаған. ‌

‌Күдікті ұрланған күбіне үйіне жасырып қойған екен.

Ер адам өз кінәсін толық тойындаған. Айғақ зат ретінде тәркіленген электрондық күбі иесіне қайтарылған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902344-turkistan-oblysynda-korsisinin-uiinen-elektrondyq-kubi-urlagan-er-adam-uyatqa-qaldy/

pixel