jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Танымал сайт арқылы көлік сатып алмақ болған жүздеген адам алданып қалды

Алаяқ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар қаласында көлік сататын танымал интернет сайт арқылы жүздеген адамды алдап кеткен алаяқтар ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Павлодар қаласының екі тұрғыны үш ай бойы ұялы телефон арқылы "ВАЗ 2107", "ВАЗ 2114", "ВАЗ 2170" және "ВАЗ 2190" маркалы автомобильдерді 250 мыңнан 400 мың теңгеге дейін төмендетілген бағамен сататыны туралы Kolesa.kz сайтына хабарландыру берген.

Көліктердің фотосын сол сайттың өзінен көшіріп алған. 

"Ал сатып алушылар хабарласқаннан кейін басқа адамдарға тіркелген Kaspi Gold карталарына алдын ала төлем жіберуді сұраған. Ақшаны алған бойда абоненттік нөмірлерді лақтырып отырған. Бұл адамдар осы жолмен 300-ден астам алаяқтық қылмысын жасады деген күдікке ілініп отыр", - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлімі (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктілер Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық полиция департаменті осы іспетті алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша полицияға арыздануды сұрайды.

Айта кетейік, жақында Алматы полициясы интернетте алаяқтықпен айналысқан хакерді ұстаған еді.

Күдіктіден 2 млн теңгеден астам ақша, 70-ке жуық SIM-карта және 18 банк картасы тәркіленген.

Танымал сайт арқылы көлік сатып алмақ болған жүздеген адам алданып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.