Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір елде TikTok-қа тыйым салынды

Опубликовано:

тикток басшысы
Көрнекі фото: Centralasian.org

Пәкістанның телекоммуникация басқармасы жақын арада сот шешіміне сәйкес TikTok әлеуметтік желісіне кіруді бұғаттайды деп хабарлайды Life.ru.

Бұл туралы журналистерге бейсенбіде басқарма өкілі Хуррам Мехран мәлімдеді деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Белгілі болғандай TikTok-тағы контент мазмұны елдің ұстанымдарына сай келмеген.

Айта кеткен жөн, жақында TikTok осы уақытқа дейін Whatsapp пен Facebook-тен кейін Пәкістанда ең көп жүктелген қосымшалардың бірі болған.

Жалпы әлемде TikTok-ты бұғаттауға қатысты мәселелер үнемі болып тұрады.

Мысалы, қаңтар айында Италияда тұншығу челленджінің кесірінен бала қайтыс болғаннан кейін қызметке қолжетімділік ішінара тоқтатылды.

Ал Үндістанда TikTok-қа тыйым салу шешіміне билік араласқан: TikTok-ты және тағы 58 қытайлық қосымшаны бұғаттау туралы шешім ҚХР-мен шекарада 20 үнді сарбазының қаза тапқаны туралы хабарламалардан кейін қабылданған.

АҚШ басшылығы да TikTok-қа қатысты үнемі шағым түсіреді. Вашингтон қосымша Қытай билігімен байланысты болуы мүмкін екеніне және пайдаланушыларды бақылай алатындығына сенімді.

Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ президенті болып тұрған шағында сегіз қытайлық қосымшамен транзакция жасауға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойған еді.

Тыйым салынғандар тізімінде Alipay, QQ Wallet және WeChat Pay бар. Жарлықта сегіз қосымша АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903025-tagy-bir-elde-tiktok-qa-tyiym-salyndy/

pixel