Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп қытайлық 8 қосымшаны қолдануға тыйым салды

Опубликовано:

Дональд Трамп
Фото: Alex Wong/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп сегіз қытайлық қосымшамен транзакция жасауға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Alipay, QQ Wallet және WeChat Pay тыйым салынғандар тізімінде бар деп хабарлайды Би-би-си.

45 күннен кейін күшіне енетін жарлықта сегіз қосымша АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні айтылған.

Сонымен бірге Tencent QQ, CamScanner, SHAREit, VMate және WPS Office қосымшаларына да тыйым салынады.

"Құрама Штаттар ұлттық қауіпсіздігімізді қорғау үшін қытайлық желілік бағдарламалық қосымшаны жасайтын немесе бақылайтындарға қарсы агрессивті шаралар қабылдауы керек", - делінген жарлықта.

Президент Трамптың жарлығында "смартфондар, планшеттер және компьютерлер сияқты жеке электронды құрылғыларға қол жеткізу арқылы қытайлық бағдарламалық қосымшалар қолданушылардан құпия және жеке ақпаратты қоса алғанда, көптеген ақпаратқа қол жеткізе алады және жинай алады" делінген.

АҚШ көшбасшысы бұған дейін Қытай үкіметімен деректерді бөлісуі мүмкін деп бірқатар қытайлық фирмаларға қарсы өкім шығарған еді.

TikTok әлеуметтік желісіне арналған қытайлық қосымша мен телекоммуникация алыбы Huawei Вашингтонның осындай жарлығының құрбаны болған.

Еске сала кетсек, АҚШ Демократиялық партиясынан Конгресс мүшелері Федералдық тергеу бюросының басшысынан елдің қазіргі президенті Дональд Трампқа қарсы тергеу жүргізуді сұрағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892536-donald-tramp-kytajlyk-8-kosymsany-koldanuga-tyjym-saldy/

pixel