БҰҰ бас хатшысы: Миллиондаған адам аштықтан зардап шегуі мүмкін
Жарияланған күні:
Әлемде аштықтан азап шегетін адамдар саны көбеюі мүмкін. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұйымның бас хатшысы Антониу Гуттереш айтты деп хабарлайды РИА Новости.
"2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша 88 миллионнан астам адам қақтығыстар мен тұрақсыздық салдарынан аштықтан зардап шекті. Көрсеткіш жыл ішінде 20 пайызға өсті. 2021 жылға жасалған болжам да осы үрейлі үрдістің жалғасатынын көрсетеді", - дейді ол.
Оның сөзінше, климаттық өзгерістер мен COVID-19 пандемиясы жағдайды тек ушықтырады.
"Егер жедел қадам жасамаса, онда миллиондаған адам қатты аштық пен өлімге душар болады. Болжамдар аштықтың Сахель мен Африкалық Рог аймағында таралып, Оңтүстік Судан, Йемен және Ауғанстанда өрши түсетінін көрсетеді", - дейді бас хатшы.
Антониу Гуттерештің айтуынша, 150 мың адамның аштықтан өлу қаупі бар, ал тағы 16 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігінің жоқтығына тап болуы ықтимал.
Атап айтқанда, ол Йемендегі бес жылдық қақтығыстарға байланысты төрт миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын еске салды. Осыған байланысты биыл Йемендегі 2,3 миллион бала аштықтан зардап шегуі мүмкін.
Сондай-ақ Гутерреш әлемде аштықтың алдын алу бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құрғанын хабарлады.
Бас хатшы жұмыс тобының Үкіметтік емес ұйыммен, халықаралық қаржы институттарымен және басқа да мамандандырылған мекемелермен ынтымақтастықта болатынын атап өті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903028-buu-bas-xatsysy-milliondagan-adam-astyqtan-zardap-segui-mumkin/