Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар қаласының әкімі жұмысқа шапан киіп келді

Опубликовано:

Әкім
Фото: Instagram/ imanslyam_erzhan

Павлодар әкімі Ержан Иманслям жұмысқа ұлттық киіммен келген. Ол пиджактың орнына шапан киіп, галстук таққан. Қала басшысы суретін өз Instagram парақшасында жариялады.

Әкім бұл ісін "JEBE" қоғамдық ұйымы ұсынған бастаманы қолдау үшін жасаған. Бұл бастамаға қатысушылар "Наурыз мейрамын" мерекелеу аясында ұлттық киім киюлері қажет.

"Мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында бұл акцияны мәдениет саласының қызметкерлері бірден қолдады. Мен де осы бастамадан тыс қалмай, өскелең жас ұрпаққа «Наурыз мейрамын» тойлау тарихын, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды еске салып, заманауи түрде ұлттық құндылықтарымызды үйретуіміз қажет деп санаймын.

Қазіргі таңда қазақтың ұлттық киімін кию үрдісі жақсы дамып келеді. Қамзолдар, шапандар – гардеробымызды осындай ұлттық киімдермен толтырып, ұлттық мәдени құндылықтарымызды дәріптеуіміз қажет. ⠀ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы, ұлттық құндылықтар мен мәдениет айы деп жарияланған Наурыз айында мен қала тұрғындарының осы акцияға қосылуына, өздерінің патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуіне шақырамын!",- деп жазды ол.

Айта кетейік, Павлодарда нәресте дүниеге келген соң бір күннен кейін көз жұмды. Оған шұғыл түрде қан құю қажет болған, алайда ата-анасы діни себептерге байланысты процедурадан бас тартқан. Cәбидің ата-анасы Иегова Куәгерлері діни ағымының жақтаушылары болып шыққан, олардың дәстүрінде тіпті өмір мен өлім аузында жатқан жағдайда да қан құюға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903124-pavlodar-qalasynyn-akimi-zumysqa-sapan-kiip-keldi/

pixel