Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде COVID-19-ды жұқтырғандар күн санап артуда: Алматы тағы да көш бастады

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны күн санап артып келеді - соңғы тәулікте дертті жұқтырғандардың саны мыңнан асты. Coronavirus2020.kz Telegram-каналының хабарлауынша, 13 наурызда 1049 адамға COVID-19 диагнозы қойылған.

Елімізде өткен тәулікте 1049 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 173

Алматы қаласы - 360

Шымкент қаласы - 7

Ақмола облысы - 57

Ақтөбе облысы - 12

Алматы облысы - 86

Атырау облысы - 45

Шығыс Қазақстан облысы - 24

Жамбыл облысы - 16

Батыс Қазақстан облысы - 60

Қарағанды облысы - 72

Қостанай облысы - 48

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 50

Солтүстік Қазақстан облысы - 28

Түркістан облысы - 8

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 223720.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы бойынша 2021 жылдың 13 наурызындағы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланғанын хабарлаған едік. Оған сәйкес Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткен еді.

Одан бөлек, Қазақстанда COVID-19 келгеніне тура бір жыл толғанын жазған болатынбыз. 2020 жылдың 13 наурызында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі дерегі анықталған болатын.

КВИ жұқтырған алғашқы науқастар Алматы қаласынан анықталды. Олар Германиядан жақында ғана елге оралған азаматтар болып шықты. Дәл сол күні коронавирус оңтүстік астананың тағы бір тұрғыны мен Берлиндегі қазақстандық дипломаттың әкесінен расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903222-elimizde-covid-19-dy-zuqtyrgandar-kun-sanap-artuda-almaty-tagy-da-kos-bastady/