RU

COVID-19: Елімізде дерттен қанша адам көз жұмды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты өңірлерде тіркелген қайғылы жағдай санын жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, 12 наурыз күнгі дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласы – 1 адам;

Алматы қаласы - 1 адам;

Алматы облысы – 2 адам;

Батыс Қазақстан облысы – 2 адам;

Қарағанды облысы - 4 адам;

Павлодар облысы - 1 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ, 14 наурыз күнгі мәліметке сәйкес, елімізде 18 973 адам короновирустан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 041 науқас стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 232 адамның жағдайы ауыр;

47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

33 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сол арада елімізде коронавирус пневмониясына қатысты 52 жағдай тіркелді

2021 жылғы 14 наурыз 09:36

Елімізде коронавирус пневмониясына қатысты 52 жағдай тіркелді

Со арада, елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониясына қатысты 52 жағдай тіркелгені белгілі болып отыр.

"12 наурызда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 52 жағдайы тіркелді. Оған қоса 180 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны – 49 801, 653 өлім тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 895 жетті", - делінен хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде COVID-19-ды жұқтырғандар күн санап артып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903234-covid-19-elimizde-dertten-qansa-adam-koz-zumdy/